SmartThings Құпиялылық туралы мәлімдемесі


Соңғы жаңартылуы: 7 қаңтар 2020 ж.

Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясы тұтынушылар үшін құпиялылықтың қаншалықты маңызды екенін біледі. Біз SmartThings қолданбасының жеке деректер бойынша операторымыз және сізге жеке ақпаратыңызды жинау және пайдалану әдістерін түсіндіру мақсатында осы Құпиялылық туралы мәлімдемені жасадық.

Біздің Құпиялылық туралы мәлімдемеміз SmartThings қолданбасын пайдалануға да қолданылады. Құпиялылық туралы мәлімдемемізде деректеріңізді пайдалану әдісіміз туралы қосымша ақпарат берілген. Сонымен қатар, ол жерде бізге хабарласу әдісі туралы ақпарат қамтылған. Осы Құпиялылық туралы мәлімдемемен бірге Құпиялылық саясатымызды оқып шығыңыз. Дегенмен, осы Құпиялылық туралы мәлімдеме әрдайым Құпиялылық саясатынан басым болады.





БІЗ ҚАНДАЙ АҚПАРАТТЫ ЖИНАЙМЫЗ?

SmartThings қызметі арқылы біз түрлі әдіспен сіз туралы ақпарат жинап, оны өңдейміз.

Сіз тікелей ұсынатын ақпарат

• Есептік жазбаңыз туралы ақпарат: SmartThings қолданбасы есептік жазбаңыз туралы ақпаратты жинайды, ол SmartThings қызметін іске қосып, сізге ұсыну үшін қажет. Оған аты-жөніңіз, Samsung есептік жазбасының идентификаторы, электрондық пошта мекенжайы, пошталық мекенжай, телефон нөмірі, пайдаланушы атыңыз және құпия сөз сияқты ақпарат кіреді. Есептік жазба туралы ақпаратқа Samsung есептік жазбасын жасау мақсатында SmartThings қолданбасына енгізген ақпарат қана емес, SmartThings қызметіне кіруге мүмкіндік беретін үшінші тарап қызмет серіктестерінің қолданбаларындағы есептік жазбалар туралы ақпарат та кіреді.

SmartThings қолданбасын пайдалануға қатысты ақпарат

• Қолданбаны, жабдықты және құрылғыны пайдалану туралы ақпарат: SmartThings қолданбасын пайдалану барысында жасалған ақпаратты, мысалы, қолданба журналдарын, топтарды, ережелерді және орналасқан жерлердің атауы мен басқа да конфигурациялық ақпаратты жинаймыз. SmartThings қызметі бірнеше тұрмыстық жабдықтардан, датчиктерден, SmartThings хабтарынан, ақылды шамдар, үйді бақылауға арналған камералар мен SmartThings қызметіне қосылған басқа құрылғылардан (“Тұрмыстық IoT құрылғыларынан”) тұруы мүмкін, сондай-ақ ол SmartThings тұрмыстық IoT құрылғысының моделі, атауы, топ атауы немесе лақап ат пен құрылғыға тағайындалған орын атауы, желі байланысы туралы ақпарат және қоршаған желі ортасы туралы ақпарат, елдің ұялы желі коды, ұялы байланыс желілерінің операторы, операциялық жүйе нұсқасы, IP мекенжайы және IMEI, датчик және конфигурация деректері, қате және ақау журналдары, құрылғы идентификаторы (мыс., ICCID) және құрылғы мен автоматты жүйе атауы сияқты тұрмыстық IoT құрылғыларына қатысты қолданыс ақпаратын жинайды. Осындай ақпаратты өңдеудің басты мақсаты — сізге сұраған қызметтеріңізді ұсыну. Мысалы, сіз қозғалыс датчигін пайдаланған кезде, SmartThings қолданбасы үйіңізде тұратын адамның қозғалысын, шамдардың автоматты түрде қосылуын немесе өшірілуін, әлдекімнің үйіңізге рұқсатсыз кіруін көрсететін журналдар сияқты датчик анықтаған ақпаратты жинайтын болады. Осы мүмкіндіктерді іске қоссаңыз, SmartThings қолданбасы SmartThings қызметіне қосылған тұрмыстық жабдықтардың қолданыс/параметрлер туралы ақпаратты да жинайды. Мысалы, тоңазытқыштың ішіндегі температура, кондиционерді қанша уақыт пайдаланғаныңыз туралы ақпарат және сіз таңдаған функциялар туралы басқа да ақпарат мобильдік қолданбадан құрылғының/жабдықтың күйін көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ тұрмыстық IoT құрылғыларының қалай пайдаланылатынын түсіну және SmartThings қызметтерін жақсарту мақсатында жиналатын болады. Жоғарыда көрсетілген жеке деректерге қосымша ретінде және SmartThings қолданбасын немесе тұрмыстық IoT құрылғыларын пайдалануға қатысты нақты техникалық көмек қажет болған жағдайда ғана, біз құрылғыларыңыздың техникалық қателері көрсетілетін дамп журналдары атты файлдарды жинаймыз. Осы дамп журналдары тек сізге қажетті техникалық көмек көрсету және SmartThings қолданбасы мен тұрмыстық IoT құрылғыларын жақсарту мақсатында қолданылады.
• Үйді бақылайтын камераға жазылған бейне және аудиоклиптер: Егер SmartThings қолданбасына бейне немесе дыбыс жазу құрылғыларын қоссаңыз, сізге SmartThings қолданбасында сұратылған қызметті ұсыну үшін, біз таңдауларыңыздың негізінде осы құрылғыға жазылған бейнелер мен дауыстық клиптер туралы ақпаратты жинаймыз.
• Дауыс туралы ақпарат: Bixby қызметін SmartThings қолданбасына қоссаңыз, сізге тиімді жауап беру және Bixby қызметінің сапасын жақсарту мақсатында Bixby қызметіндегі әңгімелеріңіз, соның ішінде дауыстық командалар туралы ақпарат жиналатын болады.
• Орналасу туралы ақпарат: Егер орныңыз туралы деректерді жинауға және пайдалануға рұқсат берсеңіз, сізге жетілдірілген автоматтандыру мүмкіндіктерін ұсыну, мысалы, күннің шығуы/батуы туралы хабарландырулар көрсету, үйге келгенде тұрмыстық IoT құрылғыларын автоматты түрде ояту мақсатында сіздің геолокацияға қатысты деректеріңізді жинаймыз. Орныңыз туралы ақпараттың өңделуін тоқтатуды қаласаңыз, SmartThings параметрлерінде “Орын туралы ақпаратты пайдалану” опциясын өшіруіңізге болады.
• Smart TV туралы ақпарат: Егер сіз SmartThings қолданбасына Samsung Smart TV теледидарын қоссаңыз, сіз сатып алатын Smart TV мазмұны туралы ақпарат, соның ішінде ваучер немесе сыйлық картасының нөмірлерін қоса, Smart TV құрылғысында еске салғыштар мен күнтізбе хабарландыруларын орнатуға мүмкіндік беретін ақпарат та жиналады.
Сонымен қатар, біз SmartThings қолданбасына және SmartThings Hub қызметіне қосылатын Smart TV теледидарыңыз бен басқа құрылғыларыңыз туралы және осы құрылғыларды пайдалануыңыз туралы ақпаратты жинаймыз және оларды жинау әдісі ақпаратты жинаған кезде көрсетіледі немесе сізден бөлек рұқсат сұралады.

Біз қандай да бір құпия жеке деректеріңізді әдейілеп немесе қасақана түрде жинамаймыз. Дегенмен, SmartThings қолданбасын және басқа да тұрмыстық IoT құрылғыларын пайдалану кезінде бізбен байқаусызда бөлісілген құпия ақпаратқа кепілдік бермейміз. Егер SmartThings қызметіне құпия сипаттағы ақпаратты жіберсеңіз, олар да төменде көрсетілген мақсаттарда жиналып, өңделеді.





АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

• SmartThings қолданбасында тұрмыстық IoT құрылғыларын басқаруға мүмкіндік беру;
• SmartThings қолданбасында сұратқан қызметтерді немесе мүмкіндіктерді ұсыну;
• сұрақтарыңыз бен сауалдарыңызға жауап беру, сізге SmartThings қолданбасы жөнінде хабарласу;
• SmartThings қолданбасына немесе тұрмыстық IoT құрылғыларына қатысты немесе басқа да техникалық қызметті сұраған кезде сізге көмек беру;
• тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарлассаңыз, SmartThings қолданбасына қосылған тұрмыстық IoT құрылғыларындағы қателер бойынша сізге қашықтан техникалық қызмет көрсету;
• есептік жазбаңыз туралы ақпаратты үшінші тараптық қызмет серіктестерінің таңдалған қолданбаларымен, құрылғыларымен, мүмкіндіктерімен және қызметтерімен байланыстыру немесе басқа да жолмен әрекеттесу;
• бизнесімізді басқару, бағалау және жақсарту (соның ішінде жаңа өнімдер мен қызметтер әзірлеу; өнімдеріміз бен қызметтерімізді және SmartThings қолданбасын жетілдіру және жақсарту; өнімдерімізді, қызметтерімізді талдау; деректерді жинақтау, анонимді ету және талдау; бухгалтерлік есеп жүргізу, аудит және басқа да ішкі функцияларды орындау);
• тұрмыстық IoT құрылғылары мен басқа да пайдалы қызметтер немесе мүмкіндіктер бойынша таңдамалы ұсыныстар жасау;
• егер Samsung есептік жазбасында “Таңдамалы қызмет” параметрін қоссаңыз, SmartThings қолданбасы арқылы жиналған деректерді осы құжатта көрсетілген мақсаттарда пайдалану. Осы жерге өту арқылы “Таңдамалы қызмет” туралы қосымша ақпарат алуға болады;
• егер сізде Samsung Smart TV теледидары бар болса, (i) сізге Smart TV цифрлық контентін сатып алуға мүмкіндік беру, (ii) сатып алынған Smart TV цифрлық контенттерінің тарихын көрсету, (iii) Smart TV цифрлық контенттеріне еске салғыштар орнатуға және (iv) Samsung Smart TV құрылғысына күнтізбе хабарландыруларын қабылдауға мүмкіндік беру;
• заңдар мен нормаларға сәйкес келу; және
• Samsung Electronics компаниясының немесе кез келген аффилиирленген тұлғаларымыздың, іскерлік серіктестеріміздің және/немесе тұтынушыларымыздың құқықтарын, жеке меншігін және/немесе қауіпсіздігін қорғау.





ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕНІҢ ЖАҢАРТЫЛУЫ

SmartThings қолданбасындағы жеке ақпаратыңызды жинау және өңдеуге қатысты өзгерістер немесе тиісті заңдар мен ережелердің өзгеруі туралы сізге хабарлау мақсатында осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құжаттың соңғы жаңартылған күні осы Құпиялылық туралы мәлімдеменің жоғарғы жағында көрсетіледі.